Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№21 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы
"№21 орта мектеп" МКМ
"Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мектеп кітапханасында ерекше, жүрекке жылы әсер сыйлайтын «Әжемнің ертегілері» атты танымдық кеш өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу, халқымыздың ауыз әдебиетін насихаттау және әже тәрбиесінің маңызын түсіндіру болды.

Кеш барысында кітапханашы оқушыларға қазақ халқының ертегілері туралы қызықты мәліметтер айтып, ертегінің бала тәрбиесіндегі рөліне тоқталды. Сонымен қатар, оқушылар әжелерінен естіген сүйікті ертегілерін еске алып, өзара бөлісті.

Шара барысында ертегіден көріністер қойылып, кейіпкерлер бейнесі сомдалды. Балалар ертегі кейіпкерлерін сахналап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, ертегілер жинағы таныстырылды.

Бұл кеш оқушыларға ерекше әсер қалдырып, үлкендердің тәрбиесі мен даналығын құрметтеуге шақырды. Әжеміздің әрбір ертегісі – өмірдің сабағы, мейірім мен ізгіліктің бастауы екені тағы да дәлелденді.