04.02–13.02.2026 жыл аралығында №21 орта мектепте «Жасанды интеллектпен бірге – зияткер ұрпақ» тақырыбында «IQ 140» бірлестігінің онкүндігі өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллектті тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, зияткерлік әлеуетін дамыту, шығармашылық белсенділігін қолдау және оқыту сапасын жетілдіру.
Онкүндік жоспарына сәйкес апталықтың ашылу салтанаты ұйымдастырылып, оқушыларға онкүндіктің мақсат-міндеттері таныстырылды. Іс-шара барысында пән мұғалімдері заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, жоғары деңгейде ашық сабақтар өткізді. Атап айтқанда:
– «Инновация, интеллект және ұстаз шеберлігі» тақырыбында апталықтың ашылуы;
– «Үшбұрыштарды шешу» (9-сынып);
– «Сан логарифмі және оның қасиеттері» (11-сынып);
– «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» (5-сынып);
– «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» (8-сынып);
– «Арифметикалық амалдарды жазу ережелері» (6-сынып);
– «ЖИ бар жерде даму бар» зияткерлер сайысы;
– «Звуки в презентации» (4-сынып) тақырыбындағы сабақ.
