Құрметті ата-аналар!
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 1 сәуірден 27 мамырға ауыстырылды
Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.
Биыл құжат қабылдау 27 мамырдан басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі
