Мектебімізде кітапханашы А.Нусипова мен бастауыш сынып мұғалімі С.Қожа ұйымдастыруымен 25.10.2025 жылы сағат 14.05 те, 3 «Ә» сыныбымен бірлескен Балалар кітабы апталығы аясында «Бір кітап – бір сынып» атты танымдық сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, әдеби кейіпкерлерді танып-білу, оқырман мәдениетін қалыптастыру. Даналық әліппесі мен ақылды қалам қолданды. Сынып сағат барысында оқушылар таңдалған кітаппен танысып, мазмұнын талқылады, кейіпкерлерге мінездеме берді, шығармадан әсерлі тұстарды оқып, өз ойларымен бөлісті. Танымдық сағат балалардың қиялын дамытуға, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға оң әсерін тигізді.