23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, мектебіміздің 8 "А"сынып оқушылары Н. Тілендиев атындағы мәдениет үйінің кітапханасына арнайы саяхат жасады.
Оқушылар кітапхананың бай қорымен танысып, қазақ әдебиетінің жауһарлары мен сирек кездесетін басылымдарды өз көздерімен көрді. Кітапхана мамандары кітап оқудың пайдасы мен рухани дамудың маңызы туралы қызықты ақпараттармен бөлісті.
Мұндай шаралар жасөспірімдердің ой-өрісін кеңейтіп, оқуға деген құштарлығын оятатыны сөзсіз. Рухани қазынамызды қадірлейік!